КІАҒЗИ йогаға негізделген стреске төзімділікті арттыру техникаларын пайдалану арқылы кардиологиялық оңалту шаралары сәтті жүргізіліде







23.12.2020

Жүрек-қантамыр жүйелерінің аурулары дүние жүзінде болатын ауру мен өлім жағдайы бойынша бірінші орын алады.

Олар стационар жағдайында емделеді және психологиялық көмекпен кардиологиялық оңалту шараларын да талап етеді. Жүрек-қантамыр патологиясы бар пациенттердің 80%-дан астамында кардиологиялық аурулардың ағымын күрделендіретін, өмір сүру сапасын төмендететін, адамның жұмыс істеу және әлеуметтік белсенділік қабілетіне әсер ететін мазасыздық, фобиялық және депрессиялық мазасыздық бұзылыстар симптомдары байқалады. Мазасыздық күйі қандағы стресс  гормондарының (катехоламиндер) деңгейін арттырады және ағзаны белсендіретін және тыныштандыратын жүйелер арасындағы теңгерімнің бұзылуына әкеледі.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ йогаға негізделіп, стресске төзімділікті арттыру техникаларын пайдалану арқылы психологиялық көмек көрсететін кардиологиялық оңалту жұмыстары сәтті жүргізілуде. Бұл тыныс алу жаттығулары және медиативті практиканың элементтері (mindfulness based stress reduction).

Клиниканың психотерапевті Рашид Азизовтың айтуынша, бұл жаттығулар кардиоваскулярлық патологияның қауіп факторларын төмендетуге мүмкіндік береді. Жүрек жиырылуы мен артериялық қан қысымы жиілігі көрсеткіштерінің төмендеуі стресс гормондарының шығуын тежейтін вегетативтік нерв жүйелерінің парасимпатикалық бөлімдерінің жоғарылауы арқылы қол жеткізіледі.

«Оң нәтиже тек жас адамдарда ғана емес, сонымен қатар егде пациенттерде де байқалады, – дейді Рашид Давлетович. Сабақтар  орындықта отырған күйде, диафрагмальды тыныс алу жаттығулары және міндетті теория бөлігімен медитация жасай отырып, топтарда аптасына 2 рет өтеді».

Осындай стресске төзімділікті арттыру кешендері пациенттердің сенімділігін қайтаруға, өмір сүру сапасын жақсартуға, қауіп факторларын азайтып және созылмалы жүрек-қантамыр патологияларына қатысты шағымдардың санын азайтуға көмектеседі.

 Каролина университетінің (Швеция) зерттеушілер тобының жүрекше фибрилляциясы бар пациенттердің қатысуымен жүргізген зерттеуі осындай пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартудағы йоганың мүмкіндігін дәлелдеді.

Терең дем алу жаттығуларына негізделе отырып, жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер үшін арнайы әзірленген йога сабақтарының бағдарламасына қатысушылардың әдеттегі топтардағыларға қарағанда психикалық күйінің көрсеткіштері жоғары болды. Алынған мәліметтер бойынша, авторлар йога пациенттерге жүрекше фибрилляциясының эмоциялық салдарымен күресуге мүмкіндік беретін практикалық аспаптардың бірі болатындығын болжап отыр.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Баспасөз қызметі 

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.