Қарағанды облысының 1758 кәсіпкері өз қызметкерлерін сақтандырған жоқ.







22.12.2020

Үкіметтің қаулысына сәйкес медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардан босатылған Шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері қызметкерлер туралы деректерді медициналық сақтандыру қорының базасына жылдың соңына дейін ғана енгізе алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап пандемия кезеңінде бизнесті қолдау аясында ШОБ-тың 29 санаты, ірі бизнестің кейбір санаттары және жеке практикамен айналысатын адамдар медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдардан босатылған болатын. Төлемдерден босатылғандардың ішінде – мейрамхана және қонақ үй бизнесі, сауда, көлік, техникалық қызмет көрсету субъектілері және т.б. жеңілдік кезеңі 1 қазанға дейін мерзімі белгіленген, кейіннен осы жылдың соңына дейін ұзартылды. 2020 жылдың сәуір айынан бастап соңына дейін жарналар мен аударымдардан босатылған ШОБ субъектілерінің қызметкерлері сақтандырылуы үшін жұмыс берушілер олардың деректерін msb.fms.kz сайтындағы қор базасына енгізуі тиіс (https://msb.fms.kz/login). Қарағанды облысындағы 1758 бизнес субъектісі бүгінгі таңда Қор базасына өз қызметкерлерінің тізімін енгізбеген. Бұл дегеніміз, аталған қызметкерлер медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебесі жоқ және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінен медициналық көмек ала алмайды.

"ШОБ субъектілері 1 сәуірден бастап қорға аударымдар жүргізбеген өз қызметкерлерінің тізімін тек ағымдағы жылдың соңына дейін өзектендіруге болады. Егер кәсіпкерлер бұл мүмкіндікті жақын арада пайдаланбаса, онда кейіннен олардың қызметкерлері МӘМС үшін берешекті 2020 жылдың сәуір айынан бастап жыл соңына дейін өтеген жағдайда ғана «сақтандырылған» болады. Аталған мәселе бойынша нақтылайтын ақпаратты кәсіпкерлер 1406 тегін нөмірі бойынша ала алады", – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.