Қарағанды облысында емханаларға 19 мыңнан астам адам тіркелмеген







14.09.2020

Медициналық көмекке қол жетімсіз қалмау үшін оларға тіркелу мәртебесін тексеру ұсынылады. Екі ай ішінде азаматтар өз еркімен медициналық көмек алатын емхананы таңдай алады.

15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымының тұратын аумағы шегінде еркін таңдау бойынша жыл сайынғы науқан басталады. Сіз оған екі ай ішінде 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін қосыла аласыз.

Қарағанды облысында амбулаториялық – емханалық көмек көрсететін 46 ұйым бар.

Науқан кезінде әлі тіркелмеген азаматтар, сондай-ақ АМСК ұйымын ауыстырғысы келетіндер емханаға тіркеле алады. Алайда, олар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана таңдаған медициналық мекемеде медициналық көмек ала бастайды. Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі. Медициналық ұйым тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС жүйесінде алдағы жылға қормен алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуға тиіс. Бекіту науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады.

"Дәрігер бекітілген пациенттердің денсаулығын қадағалауы үшін азаматтарға тұрғылықты жеріне жақын емхананы таңдау ұсынылады. Мұндай жағдайда емхананың дәрігерлері қажет болған жағдайда пациенттерге үйлеріне бара алады, бұл пандемия кезінде аса маңызды", – деп қосты "Қарағанды қаласының №1 Көпбейінді ауруханасы" КМК директорының орынбасары Радмила Габдракипова.

Емханаға тіркелу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады.

Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүгінген кезде www.e.gov.kz тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Денсаулық сақтау бөлімінде "медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу"қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті өткен жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде бекітілгені туралы хабарлама беріледі.

Халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат беру қажет. Бұл санаттарға бала кезінен мүгедектерге заң бойынша тағайындалған қамқоршылар, зейнеткерлер, мүгедектер, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) өтеп жүрген сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтін адамдар жатады.

Бекіту науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қор сайтында www.fms.kz "емхананы таңдау" бөлімінде танысуға болады.

Қыркүйек айындағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 19 мыңнан астам адам емханаларға тіркелмеген. Оларға тіркелу мәртебесін тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦҚ арқылы тексеру ұсынылады.

"Сақтандырылу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығы бар. Жоспарлы емдеуге жатқызу, белгілі бір мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет. Өзінің сақтандырылу мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында және Telegram-да SaqtandyryBot арқылы білуге болады", – деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.