Меморандум аясында







10.09.2020

Жамбыл облысының әкімі Бердібек  Сапарбаев және С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожинмен жасалған Меморандум аясында бүгін Тараз қалалық №5 емханасында университет профессоры, м.ғ.д., Қазақстан кардиологтар қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы  Сәлім  Беркімбаев  қабылдау жүргізуде.

Мақсаты – тұрғындар  арасында қан айналымы жүйесі ауруларын ерте анықтауға, мүгедектікке және өлім-жітімге әкелетін асқынуларды азайтуға, кардиологиялық науқастарды амбулаториялық қабылдауға  бағытталған. Тексеруге жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша есепте тұрғандар келуде. Сондай-ақ, басқа да емханаға келушілерге профилактикалық зерттеулер жүргізілмекші.

«Тұрғындар, көбіне, жүрек ауруына мән бермей өз бетімен емделіп асқындырып алады. Бұл ағзадағы басқа аурудың туындауына себепші болуы мүмкін. Сондықтан, әр алты ай сайын тексеріліп тұру қажет», – дейді профессор.

Алдағы бір апта бойы С.Беркімбаев аталмыш мекемеде жүрек-қан тамырлы ауруларынан зардап шегетіндермен жұмыс істеп, жалпы талдау жұмыстарын тегін жүргізетін болады. Еліміз жаппай коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан бүгінгі кезеңде тұрғындардың жүрек ауруларына тексерілуі – маңызды.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.