Қарағанды облысының тұрғындары 2020 жылдың тамыз айында медициналық сақтандыру қорына 1,8 млрд теңге аударды







08.09.2020

1,1 млрд теңге жарна мен аударымдарды өңірдің жұмыс берушілері өз қызметкерлері үшін аударды. Бұл ретте жұмыс берушілерден мерзімі өткен төлемдер үшін 3 млн теңгеден астам өсімпұл жасалды.
Жеке кәсіпкерлерден, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан (БЖТ төлеушілерден) және дербес төлеушілерден медициналық сақтандыру жарнасы 703 млн теңгеден асты.

2020 жылдың тамыз айында медициналық сақтандыру қорына республикамыздың барлық өңірлерінен түскен түсімдер 20,8 млрд теңгені құрады.

Қарағанды облысында 3,5 мың шағын және орта бизнес субъектілері, 58 ірі бизнес объектілері 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін жарналар мен аударымдардан босатылды.

"Қазір жарналар мен аударымдар түспеген бизнес субъектілерінің қызметкерлері сақтандырылған болып қалатынын еске саламыз, жұмыс берушілер ай сайын өз қызметкерлері туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында msb.fms.kz сілтемесі бойынша өзектендіру қажет", – деді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.