Жоспарлы медициналық көмекті 1 тамыздан қайта бастау жоспарлануда







28.07.2020

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 тамыздан бастап халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету жоспары әзірленді. Бірінші кезекте, COVID-19 қарсы  күрес жөніндегі іс-шараларға қатыстырылмаған стационарларды кезең-кезеңмен іске қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларда, монопрофильді клиникаларда жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі.

Пандемия кезеңінде көптеген жоспарлы қызмет кейінге қалдырылғанын ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерге деген сұраныс айтарлықтай өседі деп болжап отыр. Осыған байланысты медициналық көмекті қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізілуде.

Қордың болжамы бойынша, үшінші тоқсанда жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде көзделгендей, жыл басындағы деңгейге дейін өсуі мүмкін.

Осылайша, биыл  бірінші тоқсанда тәулік бойғы стационарларда 827 мың пациентке мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%  артық, жоспарлы емдеуге жатқызу 79% артты. Медициналық оңалту көлемі 35%  көбейді, бұл ретте инсульттан кейін пациенттерді қамту 2,3 есеге өсті. Жалпы алғанда, әрбір 3-ші пациент бірінші тоқсанда МӘМС қаражаты есебінен емделді.

"Денсаулық сақтау жүйесі вирусты жеңеді деп үміттенеміз және Қор пациенттер алдындағы өзінің іске аспай қалған міндеттемелеріне қайта оралады", – деді Болат Төкежанов.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аса қажет емес шығындардан бас тартып, 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдейді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ауқымды өзгерістер басталады. Олар ішкі үдерістерді өзгертуге, штаттың құрылымын қайта қарауға, шығындардың бір бөлігін оңтайландыруға, әкімшілік шығыстарды азайтуға қатысты. Алдымен аса қажет  емес шығындардан бас тарту жоспарлануда, соның ішінде пиар шығындарын қоса алғанда, 1 млрд теңгеден астам теңге үнемделеді.

Қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен Қордың штат саныны қысқарады. Қазір бұл шара орталық аппарат деңгейінде қарастырылуда, кейінірек бұл жұмыс филиалдарда да жүргізілетін болады. Бұдан басқа, филиалдардың қызметі, өкілеттіктері мен жауапкершілігі айтарлықтай өзгереді. Бұл проблемаларды барынша егжей-тегжейлі және аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді. Тариф құру, бюджетті сатып алу және жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау және «ақша пациенттің соңынан еріп жүреді» деген басты қағидатты сақтау туралы болып отыр.

«Денсаулық сақтау жүйесінде бірнеше жыл жұмыс істедім, бас дәрігерлермен тікелей байланыста болдым, сондықтан мен стационар мен емханалардағы барлық қиындықты іштен жақсы білемін және Денсаулық сақтау министрлігімен, аймақтық органдармен бірлесе отырып, оларды тез арада шешу жолдарын табуға ниеттімін", – деді ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

"Мен қашан да сараптамалық алаңдарда өтетін диалогқа ашықпын және БАҚ-пен ынтымақтастық орнату арқылы халықты толғандыратын мәселелерге жауап беруге дайынмын", – деді Қор басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ел басшылығы барлық үдерістердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді, халықпен кері байланыс орнатуды, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі мәселелерін шешу  міндетін қойған.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облысы бойынша филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.