Қарағанды облысында 25 мыңға жуық ПТР-зерттеулерге медициналық сақтандыру Қорынан қаржыландырды







21.07.2020

Наурыз айынан маусым айына дейін зерттеуге бағытталған сома 278 млн теңгені құрады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін Қарағанды облысына 25 мыңға жуық ПТР – зерттеулер жүргізуге 278,4 млн.теңге жіберді, оның ішінде: стационарларда 7 207 тест, МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 17 740  тест жүргізілді.

Облыста жұмыс істейтін 230-дан астам мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19 күдікті пациенттерден биологиялық материалдарының үлгілерін алады. Мамандардың пікірінше, бұл халыққа уақытылы қызмет көрсету мәселесін уақытылы шешуге және олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады.

Бірінші кезекте – инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек.

Келесі санат – провизорлық стационардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда  белгілі бір симптомдар болады және  диагноз қою керек. Содан кейін ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен. Аталған топты тестілеу үшін Қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасты.

Қор жеткізушілердің алдында көрсетілген қызметтерге ақы төлеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындады. Қызметтерді төлеу медициналық ақпараттық жүйелердің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облысы бойынша филиалы

 

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.