Сақтандырылмаған азаматтар үшін жеңілдік мерзімі аяқталды







02.07.2020

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ол 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеді. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған деп саналды. Бұл жеңілдікті кезең қазақстандықтар емханаларға тіркеліп, өз мәртебесін анықтау үшін көзделген. Алайда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елде төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты, сақтандырылмаған азаматтардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзарту тапсырылды.

1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық банктегі арнайы шотқа 5 ай ішінде халықтан 214 млрд теңгеден астам сомаға жарналар мен аударымдар келіп түсті, оның 122,6 млрд теңгесі-15 жеңілдік санатындағы өкілдер үшін мемлекет жарналары. Қазіргі уақытта жүйеде 14,5 миллионнан астам азамат, оның ішінде шамамен 11 миллион адам мемлекет есебінен сақтандырылған.

Сонымен қатар, Үкімет қаулысы бойынша 2020 жылдың 1 қазанына дейін ШОБ 29 санатындағы шамамен 1 млн азамат – қызметкер босатылды. Олар көрсетілген кезеңге дейін жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдар жүргізбейді және олар үшін борыштық міндеттемелер жинақталмайды. Сондай-ақ қызметкерлердің еңбекақысынан жарналарды ұстамайды, бұл ретте олардың сақтандырылу мәртебесі сақталады. Нөлдік салық есептілігін тапсыру кезінде аударымдар төленбегені үшін өсімақылар мен айыппұлдар да есептелмейді.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облысы бойынша филиалы

 

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.