Түркістан облысында дәрігерлер COVID-19 инфекциясын жұқтырған нәрестені емдеп шығарды







10.06.2020

Жетісай ауданынан  келген 10 айлық бала туберкулезден емделу үшін Облыстық фтизиопульмонология орталығына жатқызылған.  Тексеру барысында сәбиден COVID-19 инфекциясы анықталды.

Бұдан кейін бала дереу  Леңгір қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, екі апта ем қабылдады. Дәрігерлер баладан бірден коронавирус індетін анықтап, дер кезінде емдеді, нәтижесінде қазір кішкентай науқастың өміріне еш қауіп жоқ.

Өйткені, өкпесі екі бірдей қауіпті дертке шалдыққан баланың жағдайы өте қиын еді, – дейді дәрігерлер. Бұрын сәби коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған. Қазір ол COVID-19 инфекциясынан толық айығып, қайта тапсырған анализі таза шыққандықтан, облыстық фтизиопульмонология орталығында туберкулезге қарсы емді жалғастыруда.

«Өкпесі ауыратын адам онсыз да әлсіз келеді. Науқастарды мүмкіндігінше Сovid-19 инфекциясынан қорғауға тырысамыз. Барлық сақтық шаралары қамтамасыз етілген. Ауруханада,  коронавирусты ерте анықтау үшін, тіпті,  арнайы вирусологиялық зертхана жұмыс істейді. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Мамандарымыз оны жақсы меңгеріп, халыққа көрсетілетін  медициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда», – дейді Облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Болатхан Сағымбеков.

Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде Түркістан облысында 1 жасқа толмаған 10 бала коронавирус індетін жұқтырған. Олардың сегізі жазылып шықты. Екеуі инфекциялық госпитальдарда ем қабылдауда. Жалпы, өңірде  коронавирус инфекциясын жұқтырған 400 адам тіркелген. Дәрігерлердің көмегімен 257 науқас дерттен жазылып, отбасына оралды.


ВРАЧИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЫЛЕЧИЛИ РЕБЕНКА, ЗАРАЖЕННОГО ВИРУСОМ COVID-19

10-месячный ребенок из Жетысайского района был госпитализирован в областной центр фтизиопульмонологии. В ходе обследования у него выявили COVID-19. После его доставили в городскую инфекционную больницу города Ленгер. Благодаря оперативному выявлению заболевания и своевременному лечению квалифицированными врачами жизни малыша ничего не угрожает.

По словам врачей, результате двух опасных заболеваний у маленького пациента пострадали легкие. Известно, что ранее ребенок контактировал с больным коронавирусом гражданином. После полного завершения лечения от инфекции COVID-19 и отрицательного анализа он в настоящее время продолжает принимать противотуберкулезную терапию в областном центре фтизиопульмонологии.

«Граждане, страдающие заболеваниями легких, и без этого слабые. Мы стараемся максимально защитить больных от инфекции Covid-19. Обеспечиваются все меры предосторожности. В больнице работает специальная вирусологическая лаборатория с целью раннего выявления коронавируса. Лаборатория оснащена аппаратами последнего поколения. Кроме того, наши специалисты вносят большой вклад в повышение качества оказания медицинских услуг населению», – отметил главный врач областного центра фтизиопульмонологии Болатхан Сагымбеков.

Согласно последним данным, в Туркестанской области до сегодняшнего дня коронавирусом переболели 10 детей в возрасте до 1 года. Восемь из них уже выписаны, еще двое находятся на лечении в инфекционных госпиталях. В целом, в регионе зарегистрировано 400 подтвержденных случаев коронавирусной инфекции. Благодаря врачам 257 пациентов выздоровели и вернулись в свои семьи.

Министерство Здравоохранения РК

 

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.