Қарағанды облысы тұрғындарының медициналық сақтандыру Қорына жарналары мен аударымдары 2020 жылдың мамыр айында 1,6 млрд теңгені құрады







08.06.2020

Медициналық сақтандыру қорына түскен қаражаттың 1 млрд. теңгесін облыстың қалалары мен аудандарының жұмыс берушілері өз қызметкерлері үшін аударды. Қалған сома — бұл жеке кәсіпкерлер өздері үшін және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалар үшін аударылған жарналар.

Естеріңізге сала кетейік, шағын және орта бизнестің бір бөлігі медициналық сақтандыру Қорына аударымдардан 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылған болатын. Бұл сауда, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй ісі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес субъектілері.

"2020 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі және медициналық көмекті толық көлемде ала алады. Жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін, медициналық қызметтерді алу медициналық сақтандыру жүйесіндегі азаматтың мәртебесіне байланысты болады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі барлығына қолжетімді. Одан басқа, сақтандырылған адамдар медициналық сақтандыру пакетіне қол жеткізе алады, оның ішінде қымбат тұратын зерттеулер мен жоғары технологиялық операциялар кіреді", – деп толықтырды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры" КЕАҚ Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.