2022 жылы МӘМС-ке төленетін төлемдер қалай өзгереді?

28.12.2021

1 қаңтардан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін  жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді.  
 
Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.
 
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады.
 
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның  1,4 еселенген мөлшерінің  5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.
 
БЖТ құрайды:
 
✔️ қала тұрғындары үшін – 1 АЕК немесе 3 063 теңге;
 
✔️ ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
 
Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның  5%-ын  немесе 3 мың теңге төлейтін болады.
 
Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам.
 
Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.