Алматыда АИТВ-мен ауыратын адамдарда туберкулезді диагностикалаудың жаңа әдісі енгізілуде

24.11.2021

Қазақстанда, Алматы қаласында алғаш рет пилоттық режимде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда туберкулезді (ТБ) ерте диагностикалаудың жаңа әдісін енгізу басталды.

Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ індетін бақылау жөніндегі Алматы моделі жобасының қолдауымен ЛАМ тестінің арнайы ТБ пайдалана отырып, АӨСА-да туберкулезді ерте диагностикалау қолжетімді болды. Бұл әдісті ДДҰ ашылмаған клиникалық көрінісі бар пациенттерде өкпе және өкпеден тыс туберкулезді ерте диагностикалаудың қосымша әдісі ұсынады.

«Туберкулезді ерте диагностикалау және уақтылы емдеу АӨСА-дың  өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Өйткені, АИТВ-инфекциясы – ТБ дамуы үшін ең күшті қауіп факторы және АИТВ – оң адамдардың өлімінің басты себебі» – деп ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталықтың бас дәрігері Марат Төкеев атап өтті.

Липоарабиноманнан (ЛАМ) зәр анализіне арналған сынақ жолақтары ТБ-ны АӨСА арасында және АИТВ дамуының кеш сатысында диагноз қоюға мүмкіндік береді. Оларды қолдану оңай және ақысыз. Диагностиканың жаңа әдісінің тағы бір дәлелі – АИТВ-мен ауыратын науқастарда қақырықта бактериялық жүктеме аз болады, бұл микроскопияның теріс нәтижелерінің жиілігінің жоғарылауына әкеледі.

ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері арнайы оқудан өтті. Сондай-ақ ТБ ЛАМ тестілерін қолдану бойынша алгоритмдер мен нұсқаулықтар келісіліп, бекітілді.

2021 жылдың бірінші қарашасына Алматы қаласының ЖИТС орталығында АИТВ-мен өмір сүретін 3 810 адам есепте тұр.

Тек 2021 жылдың 10 айында  АИТВ өмір сүретін 40 адамға  туберкулез диагнозы қойылған..

Алматы қ. ЖИТС орталығының баспасөз қызметі

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.