Бес қарағандылыққа МӘМС есебінен айырша безді алып тастау бойынша операция жасады

17.11.2021

Тимэктомия – тимусты (айырша безі) алып тастау операциясы сирек кездеседі. Қарағанды облысында жыл басынан бері 5 науқасқа осындай операция жасалды. Мұндай операция айырша безінің патологиясына, мысалы, миастенияға және дәрі-дәрмектің әсері болмаған кезде тағайындалады.

Анықтама үшін: Миастения бұл созылмалы аутоиммундық ауру, бұлшықет тонусы төмендейді, оның ішінде көз, тыныс алу және сөйлеуге жауап беретін бұлшық еттердің тонусының төмендеуі. Жақында облыстық клиникалық ауруханада 18 жастағы науқасқа айырша безін алып тастау операциясы жасалды. Қыз бала миастениямен диагнозымен екі жыл өмір сүріп келді, ауру бұлшықеттің қатты әлсізденуінде және қабақтың түсіп кетуімен көрінді. Дәрі-дәрмектермен емдеу нәтиже бермеді, осыған байланысты хирургиялық емдеу тағайындалды. 

Операцияны 1,5 сағат ішінде торакальды хирургтар жүргізді. Енді пациент емдеу және қалпына келтіру курсынан өтеді. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың белгілері безді алып тастағаннан кейін 3 жыл ішінде жоғалады.

"Айырша безі торакоскопиялық жолмен, яғни үлкен кесусіз, кеуде қуысының 3 пункциясы арқылы алынып тасталады. Ең үлкен пункция 2 см-ге дейін, қалғаны 0,5 мм. 90% жағдайда бұл аурудың себебі айырша безінің зақымдануы болып табылады. Бұл безді алып тастау емделуге әкеледі, бірақ бірден емес, симптомдар біртіндеп жоғалады да адам қалпына келеді", – деп түсіндірді Облыстық клиникалық аурухананың жоғары санатты торакалды хирургі Аманжол Темірбаев.

Айырша безді алып тастау операциясының құны 630 мың теңгеден асады.  Сақтандырылған пациенттер үшін ол медициналық сақтандыру Қорының қаражаты есебінен жүргізіледі.

Анықтама үшін: Торакалды хирургия – бұл кеуде қуысының хирургиясы. Айырша безі – бұл иммундық жүйенің органы, ол балалық шақта бастапқы иммунитеттің қалыптасуына жауап береді. Ересектерде 20–25 жаста тимус безінің жұмысы тоқтайды да ол біртіндеп дәнекер және май тінімен ауыстырылады.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.