Қарағанды облысында ауыл медицинасына 10,2 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

15.11.2021

Қарағанды облысында ауыл тұрғындарына, стационарлық көмекті қоса алғанда, 9 орталық аудандық аурухана медициналық көмек көрсетеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен ауыл халқы үшін медициналық көмекті қаржыландыру көлемі ұлғайды. 2021 жылы Қарағанды облысында ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыруға 13,5 млрд теңге жоспарланған (2020 жылы қаржыландыру 9,6 млрд теңгені құрады). Жыл басынан бері көрсетілген көмекті төлеуге 10,2 млрд теңге бағытталды.  

Егер ауылдық медициналық ұйым науқасқа консультациялық-диагностикалық көмектің қандай да бір түрін көрсете алмаса, ол оны тексерудің осы түрі бар басқа ұйымға тексеруге жіберуге міндетті. Жолдама бірлесіп орындау шарты бойынша жүзеге асырылады және аудандық аурухана қаражаты есебінен төленеді. Осы мақсаттарға медициналық сақтандыру Қоры шарт бойынша қаржы бөледі. 

"Шалғайдағы және қатынасу қиын ауылдық аудандарда тұратын азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және арттыруға көп көңіл бөлінеді. 2021 жылы жылжымалы медициналық кешендердің жұмысына 503,5 млн теңге бөлінді. Жабдықтармен, оның ішінде зертханалық және функционалдық зерттеулерге арналған медициналық арнайы көліктерде облыстың 6 медициналық ұйымында бар", – деп толықтырды медициналық сақтандыру Қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.