Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді

12.11.2021

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы тарапынан қызметін бағалаудан сәтті өтті. Институт Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатына ие болды. Аккредиттеу орталығы Қазақстандағы медициналық ұйымдарды аккредиттеуді іске асыратын жалғыз аккредиттеу ұйымы.

"Ағымдағы жылғы қыркүйекте Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен пациенттердің қауіпсіздік деңгейінің көрсеткіші болып саналатын JSI халықаралық аккредиттеуін алған болатын. Ұлттық аккредиттеу біздің клиниканың халыққа медициналық қызмет көрсетуі деңгейінің жоғары екендігін дәлелдеді. 2018 жылы институтқа Ұлттық аккредиттеудің бірінші санаты берілген болатын. Ұжым қызметкерлерінің 3 жыл бойғы күнделікті тынымсыз еңбегі жоғары санатты алуға мүмкіндік берді", – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Роза Қуанышбекова.

«Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар мен консультанттардың» ҚБ 5 қазаннан 9 қазанға дейін клиника қызметіне бағалау жүргізді. Ұлттық стандарттар бойынша ұйымдағы барлық бөлімшелер мен процестер бағаланады. Олар: стратегиялық және операциялық жоспарлау, емдеу және пациенттерге күтім жасау, пациенттердің, ғимараттың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, сапаны, қауіптерді және ресурстарды басқару, пациенттердің құқықтарын сақтау, халықпен жұмыс жүргізу, кадр саясаты және т.б.

Клиника басшысының айтуынша: «2020 жылы біз Қазақстанның ең үздік кәсіпорны атандық, сол жылы бізге тиісті клиникалық практика  (GCR) стандартына сәйкестік сертификаты берілді. Халыққа көмек көрсету үшін бәсекелестік медициналық қызмет көрсетуді арттырудың тиімді тетігі. Табыстың негізгі факторы, ең алдымен, адами капитал болып табылады. Біздің дәрігерлер жетекші шетелдік клиникаларда білім алды және әлі де білім алуда. Біз оқыту, тәжірибе алмасу арқылы практикалық және теориялық дағдылардың жоғары деңгейіне ұмтыламыз. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін үнемі жұмыс істейміз».

Аккредиттеу медициналық ұйымның бекітілген сапа стандарттарына сәйкестігін дәлелдейді. Сондықтан медицина ұйымында аккредиттеу туралы сертификатының болуы көрсетілетін қызмет сапасының жоғары стандарты мен пациент үшін жайлылық пен қауіпсіздікті білдіреді.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Баспасөз қызметі.

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.