Қарағанды облысының төлеушілері 2021 жылдың қазан айында медициналық сақтандыруға 2,6 млрд теңге аударды

09.11.2021

2021 жылдың қазан айында Қарағанды облысының жұмыс берушілері медициналық сақтандыру Қорына жалдамалы жұмыскерлер үшін 1,2 млрд теңге аударды.

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі жалдамалы жұмыскерлердің мәртебесі осы аударымдардың жүйелілігі мен уақтылығына байланысты. Қазіргі уақытта облыста әртүрлі ұйымдардың 60 мыңнан астам жалдамалы қызметкерлері сақтандырылмаған күйінде қалып отыр.

Тағы 1,4 млрд теңгені жеке кәсіпкерлердің, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін азаматтардың және дербес төлеушілердің жарналары құрады.

2021 жылдың қазан айында Қарағанды облысы медициналық сақтандыру қорына 2,6 млрд теңге аударды. Жыл басынан бері жарналар мен аударымдар сомасы 25,6 млрд теңгені құрайды. Өңір Алматы және Нұр-сұлтан қалаларынан кейін жарналар мен аударымдар бойынша көшбасшылар қатарында қалып отыр.

«Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесінен тыс 280 мыңнан астам адам қалып отыр. Мәртебенің болмауының себебі, әдетте, соңғы 12 айда берешектің болуы. Егер адамның сақтандырылмағандығы анықталса, 1-ші кезекте ол қандай айлар үшін берешегі бар және қандай себеппен екенін анықтауы қажет. Егер жұмыс беруші уақытында жарна төлемеген болса, жұмыс орнындағы бухгалтерияға жүгіну қажет. Егер бұл дербес төлеуші болса – қарызды өздері төлеу қажет. Әркім өзінің мәртебесін және қарыздың бар – жоғын Telegram-SaqtandyryBot, fms.kz сайтында, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы тексере алады», – деп толықтырды медициналық сақтандыру Қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.