Қарағанды облысының 13 тұрғынына МӘМС есебінен бүйрекке күрделі ота жасалды

04.11.2021

Бүйректің үлкен және маржан тәрізді тастары – кең таралған және емдеуі қиын мәселе. Мұндай диагнозы бар науқастар ауырсынудан және бүйректің тұрақты, жиі қабынуынан және ісінуден зардап шегеді. Үлкен маржан тәрізді бүйрек тастарының пайда болуы – бүйректі жоғалту қаупі пайда болады. Қарағанды облысында жыл басынан бері бүйректің маржан тәрізді тастарын емдеу бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып 13 науқасқа ота жасалды.

Қарағанды медицина университетінің клиникасында 5 адамға ота жасалды. Медициналық университеттің хирургтары мұндай операцияларды 4 ай бұрын жасай бастады. Ол үшін клиника мобильді рентген құрылғысы мен кез-келген тығыздықтағы бүйрек тастарын үгітетін лазерлік аппаратты сатып алды.

Операция мынадай тәсілмен жүзеге асырылады: рентген бақылауымен бүйректің қуыс жүйесінің тостағаншасының бірімен көзделген тесу (пункция) жасалады, оған бейнекамерамен, жарықпен және жұмыс арнасы бар арнайы эндоскопиялық құрал (нефроскоп) енгізіледі және сол арқылы лазердің көмегімен тасты ұсақтау жүргізіледі.

"Әрине, процедура 1,5–2 сағатқа созылады, бірақ біз тастарды 100% дейін тазалаймыз. Стандартты әдіс бар – қалың түтік салынған кезде. Бірақ бізде ол жіңішке – шамамен 5 мм, бұл біздің құрылғымыздың қуаты үшін жеткілікті. Сонымен қатар, тасты ұсақтап, құрылғы бүйректе тастың қозғалуына мүмкіндік бермей, оны өзіне сорып алады. Бұл процедураны шағын жарақатты етеді", – деді Қарағанды медицина университеті клиникасының бас хирургі Нұрқаси Абатов.

Операциядан кейін пациенттерге бактерияға қарсы терапия жасалады, 5–7 күн ішінде асқынулар болмаса, олар ауруханадан шығарылады. Бір айдан соң стентті алып тастағаннан кейін науқас әдеттегі өмірге орала алады.

Сақтандырылған пациенттер үшін бүйректен маржан тәрізді тастарын алып тастау операциясы тегін жүргізіледі. Бұл операцияға емхана дәрігері диагноз қойып, қажетті тексерулерден өткеннен кейін жолдамамен жібереді. Медициналық сақтандыру Қоры осындай әрбір операцияны төлеуге 469 мың теңге жібереді.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.