Қарағанды облысында балаларға бес жоғары технологиялық ота жасалды

13.10.2021

Жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістерін пайдалана отырып жүргізіледі.

Қарағанды облысында 2021 жылдың басынан бастап бес балаға, оның ішінде жүрекке және миға жоғары технологиялық операциялар жүргізілді. Операцияларды № 2 Көпбейінді аурухананың (Кардиохирургиялық орталық), профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың және облыстық балалар клиникалық ауруханасының хирургтары орындады.

Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасында «өкпе көктамырларының жаппай аномальді дренажы» (ӨКЖАД) диагнозымен екі балаға операция жасалды. Бұл туа біткен жүрек ауруы, қалыпты жағдайда болатындай онда екі өкпенің барлық төрт өкпе тамырлары жүректің сол жақ қабына жалғанбайды, бірақ дененің веноздық жүйесімен байланысады. Мұндай патологиямен балада веноздық қан артерияларда ішінара айнала бастайды, бала көгереді және өкпеде қанның тоқырауы пайда болады.

«Бұл жаңа туған нәрестелердің туа біткен маңызды ауруы. Бұл диагнозбен баланың өмірінің алғашқы 2-3 аптасында операция жасау керек. Бірақ бізге 3-4 айлық балалар келіп түсті. Егер операция жасалмаса, балаларда ауыр пневмония дамиды және жүрек жеткіліксіздігі пайда болады», – дейді № 2 көпбейінді аурухананың балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Жанат Болатбекұлы.

Әр операция шамамен 3 сағатқа созылды. Нәтижесінде өкпе веналарының жалпы коллекторы жүректің сол жақ қабшығына тігіліп, жүрекше қалқанының тесігі жамаумен жабылады. Операциядан кейін қан айналымының екі бөлінген шеңбері бойынша қалыпты қан айналымы қалпына келеді.

«Операциядан кейін балалар бір айға жуық реанимацияда болады. Болашақта олар оңалту емінен өтеді, кардиолог пен педиатрдың байқауында болады. Операциядан кейінгі кезеңде дұрыс және тиісті бақылауы арқасында олардың барлығының жағдайы жақсы болады», – деп толықтырды Жанат Болатбекұлы.

Әрбір осындай операцияны төлеуге медициналық сақтандыру Қоры 2,4 млн теңге жұмсады. Жыл басынан бері облыс хирургтері балаларға 5 жоғары технологиялық операция жасады, олар үшін медициналық сақтандыру қоры 7,2 млн теңге төледі/

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.