Қарағанды облысының 1700 тұрғыны уақытша мәртебе алу үшін медициналық сақтандыру қорына жүгінді

28.09.2021

2021 жылдың басынан бастап Медициналық сақтандыру Қорының ресми кері байланыс арналарына Қарағанды облысының тұрғындарынан 18 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Негізгі бөлігін консультативтік сипаттағы өтініштер құрады. 1700-і уақытша мәртебе беру туралы өтініш. Уақытша мәртебе 15 жеңілдігі бар санатының біріне жататын, бірақ сақтандырылмаған азаматтарға беріледі. Қарағанды облысында мұндай өтініштер көбінесе "жұмыс істемейтін жүкті әйелдер" санаттарынан, сондай-ақ шетелде оқитын студенттерден және жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтардан түседі.

"Уақытша мәртебе бір рет және 1 айға беріледі. Осы уақыт ішінде азаматтар жеңілдік санатын алу немесе қалпына келтіру үшін тиісті органдарға жүгінуі керек. Уақытша мәртебеге өтініш білдірген кезде қолданыстағы жеңілдік санатын растайтын құжатты міндетті түрде тіркеу керек", – деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Қарағанды облысының тұрғындарынан 900-ден астам шағым түскен. Олардың ішінде медициналық көмек көрсетуден бас тартуға, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына, амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тартуға шағымдар бар. Расталған жағдайлар бойынша қор медициналық ұйымдарға экономикалық ықпал ету шараларын қабылдады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 6 айында медициналық көмектің сапасы мен көлемі мониторингінің барлық түрлері бойынша Қор жалпы сомасы 662,9 млн.теңгеге 30 мыңнан астам ақауларды анықтады. Ең көп бұзушылықтар емханаларда консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде анықталды (19 948 ақау), алынған сомалар бойынша бірінші орында стационарлық көмек көрсету кезінде жіберілген ақаулар, бұл стационарда емдеудің неғұрлым жоғары құнына байланысты.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.