35 Қарағанды облысының тұрғыны МӘМС қаражаты есебінен диафрагмаға операция жасады

26.07.2021

Облыстық клиникалық аурухананың (ОКБ) хирургтары жыл басынан бері "лапароскопиялық фундопликация" атты 35 ота жасады. Бұл әдіс диафрагманың өңеш саңылауының жарығын (грыжасын) емдеу үшін қолданылады. Бұл диагнозбен адамда асқазанның бір бөлігі іш қуысынан кеудеге көтеріледі. Науқас ауырсынуды және тұрақты жүрек айнуын сезінеді.

"Қыжыл – бұл асқазанның ішіндегісінің қышқыл агрессивті ортаның өңештің саңылауына шығарылуының белгісі", – деп түсіндіреді ОКБ хирургия бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Төлеубаев.

Ішкі ағзаны орнына қайтару үщін лапароскопиялық фундопликация жүргізіледі. Оны 4 тесу арқылы жасайды. Операция шамамен бір сағатқа созылады.

"Диафрагманың аяқтары тігіледі, осылайша біз диафрагманың өңеш саңылауын тарылтамыз. Сол өңештің жанында асқазанның түбінен манжета жасалады", – дейді хирург.

Лапароскопиялық фундопликация гастроэзофагеальды рефлюкс кезінде де жүргізіледі. Мұндай бұзылыс, сонымен қатар асқазан ішіндегі құрамының өңешке үнемі шығарылуымен байланысты және өңештің шырышты қабығындағы қабыну өзгерістерімен бірге жүреді. Операциядан кейін бұл белгілер жоғалады. Ал 3 күннен кейін науқас үйге шығарылады.

Облыстық клиникалық ауруханада лапароскопиялық фундопликация әдісі алты жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Жылына хирургтар осындай 150-ге жуық операция жасайды. Әрбір операцияны төлеуге медициналық сақтандыру Қоры 600 мыңнан астам теңге жібереді. МӘМС аясында сақтандырылған пациенттер үшін бұл операция тегін.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.