Қарағанды облысының өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындары 2021 жылдың маусым айында Медициналық сақтандыру қорына 12,3 млн теңгеден астам қаржы төледі

14.07.2021

Қарағанды облысында 11 мыңнан астам тұрғын бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлейді. БЖТ-медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәсілдерінің бірі, өйткені төлем сомасының 40%-ы медициналық сақтандыру қорына түседі. 2021 жылы БЖТ облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда тұратындар үшін 1 АЕК немесе 2917 теңгені және басқа аймақтың тұрғындары үшін 0,5 АЕК – 1459 теңгені құрайды.

БЖТ төлемі төрт міндетті төлемдер түрін біріктіреді:

– жеке табыс салығы (ЖТС);

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдері;

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ төлеушілер терінде ЖК ретінде тіркеусіз коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бола алады.

"Естеріңізге сала кетейік, БЖТ ағымдағы айдың бірінші күндерінде немесе алдын ала төленуі тиіс. Бұл төлем алдыңғы 3 айда берешек болмаған жағдайда төленген кезеңге "сақтандырылған" мәртебе береді. Жаңа ай басталғанда ол азамат үшін төлем болмаған кезде – "сақтандырылмаған" мәртебесі болады. Төлем төденгеннен кейін мәртебе "сақтандырылған" болып өзгереді", – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

2021 жылдың маусым айында Қарағанды облысынан Медициналық сақтандыру қорына барлығы 2,7 млрд теңге түсті. Бұл жұмыс берушілердің, дербес төлеушілердің, жеке кәсіпкерлердің және БЖТ төлеушілердің жарналары мен аударымдары.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.