Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында клинингтік қызмет енгізілді

03.07.2021

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты клининг қызметін енгізді. Басқарма төрайымы Роза Куанышбекованың айтуынша, мекеме қаражаты есебінен клининг қызметінің менеджері, шаруа бикелері, барлық санитарлар оқытылды. Клининг мамандары  осы қызметке сәйкес нақты ерекше дағдыларды меңгеруі тиіс.

Клининг-сервис –  бұл денсаулық пен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, арнайы тазалауға арналған жуғыш құралдар мен жабдықтардың көмегімен шелектің көмегінсіз тазалық жүргізу. Бұл жүйе кешенді гигиеналық тазалық пен дезинфекцияны қамтамасыз етеді. Заманауи жағдайларда бұл денсаулық сақтау саласында өте қажет.

«Тазалық – денсаулық кепілі». Кез келген медициналық ұйым санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті ерекше сақтайтын орын. Әрқайсысы тек қана пациенттер үшін ғана емес, сонымен қатар персонал үшін де қауіпсіз, таза орта қамтамасыз етуі тиіс.

Осыған байланысты, клининг қызметін құрудың мақсаты санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес сапалы тазалық жүргізу, әсіресе COVID-19 коронавирус инфекциясы кезінде клиникада эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың сақталуын қадағалау қажет.

Ағымдағы жылдың маусым айында кіші персоналдың ішінен 33 адам «Медициналық ұйымдардағы кәсіби клининг: теориясы мен практикасы» тақырыбында тиісті дайындықтан өтті. Оқытылған қызметкерлер СВЕП Хай-Спид (Германия) жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулықпен таныстырылды. Теориялық білімдерін бекіте отырып, оқу барысында мамандар осы жүйені практикада қалай пайдалануын үйренді. Бұл –  тазалауға кететін уақытты қысқарту, жуғыш заттарды ұтымды тұтыну есебінен жалпы тазалау шығындарын 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін тазалаудың заманауи жаңа әдісі.

«Біздің клининг қызметінің барлық мамандары қажетті дағды мен білімді меңгерді. Олар аттестаттау мен сертификаттаудан өткен  мамандар», – деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.

Осы саланың қызметі экономикалық және санитариялық-эпидемиологиялық мақсатқа сай екендігін көрсетті.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Бааспасөз қызметі

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.