Қарағанды облысының медициналық сақтандыру Қоры қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмектерге 986 млн теңге жіберді

23.06.2021

Медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетін пациенттердің тізімі кеңейіп, тегін дәрі-дәрмектер тізімі артты. Қарағанды облысында осы жылдың 5 айында қант диабетімен ауыратын 26,2 мың пациент 986 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алды.

Естеріңізге сала кетейік, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде әлеуметтік-маңызды және созылмалы аурулармен динамикалық есепте тұрған пациенттер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде онкологиялық аурулар, қант диабеті, туберкулез, жүрек-тамыр аурулары – барлығы 35 нозология. ТМККК пакетіндегі тегін препараттар тізімінде – дәрілік заттардың 299 атауы бар. Өтінімдер бойынша 2021 жылы облыстың медициналық ұйымдары осы аурулармен ауыратын науқастар үшін 12,8 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алады.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттер медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан аурулары бойынша тегін дәрі-дәрмектерді алады. Дәрі алу үшін пациент өзінің ауруы бойынша диспансерлік есепте тұруы және дәрігерден рецепт алуы тиіс" – деп түсіндірді медициналық сақтандыру Қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.