Қарағанды облысының тұрғындарына оңалту емі үшін медициналық сақтандыру Қоры 1,48 млрд теңге төледі







11.06.2021

2021 жылдың 4 айында облыстың медициналық ұйымдарында өңірдің 8 200-ден астам тұрғыны оңалту емінен өтті. Бұл көмекті төлеуге медициналық сақтандыру Қоры 1,4 млрд теңге бағыттады. Бұл қаражатты Оңалту орталықтары, санаторийлер, емханалар алды, онда пациенттер екінші және үшінші кезеңдегі оңалту бойынша емделді.

2021 жылға Қарағанды облысында медициналық оңалтуға барлығы 4 085 717 000 теңге бөлінді, оның ішінде коронавирустық инфекцияға шалдыққаннан кейін оңалтуға – 307,3 млн теңге.

Қарағанды облысында операциядан немесе аурулардан кейін өңірдің 12 орталығында оңалту емін алуға болады. Амбулаториялық деңгейде бұл көмекті облыстың 14 емханасы көрсетеді.

Медициналық оңалту кімге көрсетіледі?

Науқас бірнеше жағдайда медициналық оңалтуды ала алады:
- негізгі немесе созылмалы ауруды емдеу қажет болғанда;
- қатты ауырсынудан кейін;
- хирургиялық операциялардан кейін;
- жарақат алғаннан кейін;
- сырқат салдарынан адамның қимыл-қозғалысы шектелген жағдайларда өтуге болады.

Алғаш рет оңалтудан өту үшін қайда жүгіну керек?

⦁ Медициналық көмектің кез келген түрін алу сияқты, медициналық оңалтудан өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға учаскелік дәрігерге жүгіну қажет.
⦁ Емдеуші дәрігер реабилитолог маманға немесе мультидисциплинарлық топ мамандарына жібереді.
⦁ Олар аурудың пайда болуы мен күшеюі, сырқаттың денсаулық жағдайына байланысты мәліметтерді ескере отырып, оңалтуға деген қажеттілікті айқындайды. Бастапқы реабилитациялық диагноз қойып, пациент денсаулығын қалпына келтіру жоспарын, курстың мерзмін т.б. анықтайды.
⦁ Егер кешенді тексеру нәтижесінде реабилитация тиімді деп табылса, пациент оны амбулаторияда, стационарда, стационарды алмастыратын емдеу мекемесінде, үйде немесе санатория-курорттарда өте алады. Жоспарлы түрде ем қабылдайтын пациент стационарға «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жатқызылады.

Медициналық оңалтуға қарсы көрсеткіштер:
⦁ көп қан кету;
дене қызуының көтерілуі және ұзақ уақыт бойы қалыпты жағдайдан асып кетуі;
жедел жұқпалы аурулар;
жедел остеомиелит;
көктамыр тромбозы
жүрек жеткіліксіздігі;
эпилепсия талмасы ұстаған кезде;
қатерлі ісік, туберкулез, қант диабеті, тиреотоксикоз, бауыр қызметі тапшылығы, ІІІ деңгейлі ұйқы безі тапшылығы, адамның көңіл-күйі мен мінезінде ауытқулар тудырған психикалық аурулар, іріңді және жұқпалы тері аурулары, 2-3-дәрежелі анемия, 3-дәрежелі дистрофия сынды аурулар себеп болуы мүмкін;
оңалту әлеуетінің болмауы.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.