Қарағанды облысының тұрғындары 2021 жылдың мамыр айында медициналық сақтандыруға 2,5 млрд теңге аударды







02.06.2021

2021 жылдың мамыр айында Қазақстанның барлық өңірлерінен медициналық сақтандыру Қорына 17 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Қарағанды облысы тұрғындарының жарналары мен аударымдары 2,5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте өңірдің жеке кәсіпкерлері мен жалдамалы қызметкерлері 1,3 млрд теңге төледі. ЖК ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін 2975 теңге мөлшерінде (1,4 ЕТЖ-дан 5%) жарна төлейді. Қызметкерлердің жарналары биыл жалақының 2%-ын құрайды – оларды жұмыс беруші жалақыдан ұстап қалады да Қорға аударады. 892 млн теңгеден астам – бұл жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін жасаған аударымдар. 1,7 млн теңге ол заңды тұлғалар мен тіркелген ЖК жарналарды және төлемдерді уақтылы төлемегені үшін өсімпұл құрады. Қалған қаражат – бұл дербес төлеушілер мен Біріңғай жиынтық төлем (БЖТ) жарналары.

"Естеріңізге сала кетейік, БЖТ төлеушілер төлемді ағымдағы айдың алғашқы күндерінде немесе бір күн бұрын жасайды. Бұл төлеушілердің "сақтандырылған" мәртебесі төленген айдың соңына дейін сақталады (алдыңғы кезеңдер үшін берешек болмаған жағдайда). Қалған жарналар мен аударымдарды төлеушілер есепті айдан кейінгі айдың 25 – не дейін төлейді", – деп түсіндірді Қордың Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.