2021 жылдың басынан бастап медициналық сақтандыру Қоры Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының төлемінен 294,8 млн теңге алып тастады

27.05.2021

"Сарыарқа" өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қордың Қарағанды филиалының директоры Фазыл Көпобаев Қор филиалы мониторингінің нәтижелерін атап өтті.

Меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдарды қаржыландыруды медициналық сақтандыру Қоры денсаулық сақтауды цифрландырудың арқасында тұрақты негізде жүргізілетін медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізгеннен кейін жүзеге асырылатынын айтты. Бұдан басқа, мақсатты және жоспардан тыс мониторинг жүргізіледі. Жоспардан тыс мониторинг азаматтар жүгінген жағдайда жүргізіледі.

Осы жылдан бастап Қор сондай-ақ проактивті мониторинг жүргізе бастады, ол медициналық көмек көрсету тәртібін бұзуға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға және алдын алуға бағытталған, сонымен қатар медициналық көмек көрсетудің әрбір түрі немесе шарттары бойынша өнім берушінің ұйымына жылына 1 рет бару арқылы жүргізіледі. Жалпы, проактивті мониторинг нәтижелері бойынша медициналық көмектің сапасы мен көлемінің анықталған ақауларының саны – 2779 және ол 43 442 178,2 теңгені құрады.

"Жалпы алғанда, өткен кезеңде медициналық көмектің сапасы мен көлемі мониторингінің барлық түрлері бойынша айыппұл санкцияларының жалпы сомасы 294,8 млн. теңгені құрады", – деді Қордың Қарағанды филиалының директоры.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.