Қарағанды облысының 2021 жылға арналған денсаулық сақтау бюджеті 113 млрд теңгеден асты







26.05.2021

Ағымдағы жылы Қарағанды облысында медициналық көмекті қаржыландыру туралы брифингте медициналық сақтандыру Қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев айтып өтті.

2021 жылдың басында қаржыландыру жоспары 107 083,9 млн теңгені құрады. оның ішінде: ТМККК шеңберіндегі медициналық көмекке – 67 002,6 млн.теңге, МӘМС пакетіне – 40 081,3 млн. теңге. 2020 жылғы қорытынды қаржыландырумен салыстырғанда (КВИ-мен күреске арналған шығыстарды есепке алмағанда) бюджет өсімі 6%-ға өсті.

2021 жылдың 1 мамырына медицина қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға арналған қаражатты ескере отырып, бюджет 5,95% – ға өсті және 113 456,3 млн.теңгені (КВИ – ға қаражатты санамағанда) құрады, оның ішінде ТМККК пакеті бойынша – 68 752,1 млн. теңге МӘМС пакеті бойынша – 44 704,2 млн. теңге.

2021 жылдың 3 айында Коронавирустық инфекциямен күрес бойынша іс-шараларды төлеуге Қор 7,5 млрд теңге бөлді. Оның ішінде: эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыға - 4,2 млрд теңге, ПТР-зерттеуге – 1,3 млрд теңге, үйдегі стационарға – 16,7 млн теңге, мобильді бригадалардың жұмысына – 328,5 млн теңге.

"Естеріңізге сала кетейін, коронавирустық инфекция және пневмония кезінде медициналық көмек, сондай-ақ COVID-19 күдікті жағдайларда мобильді бригадалардың қызметтерін біздің азаматтар МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан тегін алады - бұл көмек ТМККК шеңберінде көрсетіледі", – деп түсіндірді Фазыл Копобаев брифингте.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.