2021 жылдың басынан бастап Қарағанды облысының тұрғындарынан медициналық сақтандыру Қорына 8 200 өтініш келіп түсті







25.05.2021

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры брифинг барысында 2021 жылдың өткен кезеңінде Қор филиалы облыс азаматтарының 8 200-ден астам өтінішін қарастырғандарын айтты. Оның ішінде 187-сі – азаматтардың медициналық көмек көрсету сапасына, консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігіне шағымдары, сондай-ақ МӘМС жүйесінде мәртебесі болмаған жағдайда кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тарту. Қор өтініштерді қарау нәтижелері бойынша өнім беруші тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда әртүрлі ықпал ету шараларын қолданады.

"Естеріңізге сала кетейін, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда азаматтар ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек алуға құқылы, одан бас тартулар болмауы тиіс. Бұл-жедел медициналық көмек, шұғыл емдеуге жатқызу, сондай-ақ егер сіз әлеуметтік мәні бар аурулармен (онкология, туберкулез, АИТВ-инфекциясы және т.б.), динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурумен есепте болсаңыз, барлық осы жағдайларда медициналық көмектің көлемі мәртебесіне қарамастан ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады", – деп атап өтті Фазыл Копобаев.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.