Қарағанды облысының адвокаттары, нотариустары, кәсіби медиаторлары, жеке сот орындаушылары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай – МӘМС) жүйесінде сақтандырылмаған күйінде қалып отыр







24.05.2021

Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезеңінде 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жеке практикамен айналысатын адамдар өздері үшін жарналарды төлеуден, ал микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері - жалдамалы жұмыскерлері үшін МӘМС аударымдары мен жарналарынан босатылған болатын.

2020 жылдың 9 айында жарналар мен аударымдар түспей, берешек қалыптаспау үшін, ШОБ өкілдері пандемия кезеңінде азаматтардың жеңілдікті санаттарына жататын өз қызметкерлерінің деректерін (ЖСН) медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесіне енгізуі тиіс. Ал жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, кәсіби медиаторлар, адвокаттар және сот орындаушылары) өздерінің ЖСН деректерін енгізуі тиіс. Ол үшін msb.fms.kz сілтемесі бойынша өту қажет. Бүгінгі күні облыстағы барлық босатылған ШОБ субъектілерінің 20%-ы (800-ден астам) ақпараттық жүйеде өз деректерін әлі де өзектендірген жоқ.

"Естеріңізге сала кетейік, қор жүйесіне деректері әлі күнге дейін енгізілмеген қызметкерлерде, нотариустарда, адвокаттарда 2020 жылғы кезеңде медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешек пайда болды. Демек, олар сақтандырылмаған және МӘМС жүйесінде медициналық көмекті ала алмайды. Егер олар мәліметтерді жүйеге енгізссе, бұл қарыз жабылады", – деп түсіндірді медициналық сақтандыру Қорының Қарағанды филиалында.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.