2021 жылдың сәуір айында Қарағанды облысының жеке кәсіпкерлері (ЖК) мен жалдамалы жұмыскерлері медициналық сақтандыруға 1,4 млрд теңге аударды







12.05.2021

ЖК, шаруа қожалықтарының иелері және жеке практикамен айналысатындар ай сайын 1,4 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5%-ын медициналық сақтандыруға аударады – бұл 2021 жылы 2975 теңгені құрайды. Сәуір айында олардың жарналары, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің жарналары 1,4 млрд теңгені құрады. Тағы 1,2 млн теңге – мерзімі өткен төлемдер үшін өсімпұл. Жеке кәсіпкерлер жарналарды келесі айдың 25-не дейін төлейді.

Медициналық сақтандыру Қорына Қарағанды облысынан жарналар мен аударымдар сәуір айында 2,8 млрд теңгені құрады. Бұл жұмыс берушілердің жарналары мен аударымдары, біріңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлемдері, дербес төлеушілердің жарналары. Ал Республикамыздан 34,6 млрд теңге түсті.

"Медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының жүйелілігіне адамның сақтандырылу мәртебесі және медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетіне қол жеткізуі тікелей байланысты. Сондықтан мәртебені үнемі тексеріп отыру керек. Мұны Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы, SaqtandyryBot Telegram мессенджері арқылы, fms.kz Қордың ресми сайтында анықтауға болады", – деп түсіндірді медициналық сақтандыру Қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.