9,8 млрд теңге медициналық сақтандыру Қорынан 2021 жылдың 1 тоқсанында көрсеткен қызметтері үшін Қарағанды облысының емханаларына аударылды

29.04.2021

Қарағанды облысында 50 медициналық ұйым емханалық көмек көрсетеді. Оның 23-і жеке меншік.

2021 жылдың үш айында медициналық сақтандыру Қоры өңірдегі емханаларға алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету үшін 6,9 млрд теңге жіберді. Бұл ақша терапевтер мен педиатрлардың алғашқы қабылдауларын, алғашқы зертханалық зерттеулерді, жүкті әйелдерді бақылауды, жаңа туған нәрестелерді патронаждауды, дәрігерлерді үйге шақыруды, 4-санатты жедел жәрдемді (созылмалы аурулар асқынған кезде) шақыруды және т.б. төлеуге жұмсалды.

Тағы 2,9 млрд теңгеге өнірдің емханалары консультативтік-диагностикалық қызметтер көрсетті. Оларға бейінді мамандардың кеңестері, диагностикалық тексерулер – КТ, МРТ және т.б., күрделі талдаулар мен зерттеулер кіреді. Бұл медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің пакетінде (әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулармен есепте тұрған пациенттер үшін), сондай-ақ сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС пакетінде көрсетіледі.

"Емханада алғашқы көмек адамның сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан көрсетіледі. Бұл көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Бейінді маманның кеңесін, зерттеулердің қымбат түрлерін алу үшін қазірдің өзінде "сақтандырылған"мәртебесі қажет. Сондықтан өз мәртебеңізді тексеріп, медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешекке жол бермеуіңіз өте маңызды", – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.