Онкоскринингтерді төлеуге медициналық сақтандыру Қоры 386 млн теңгеден астам қаражат бағыттады







26.03.2021

Бүгінгі таңда Қазақстанда үш негізгі скринингтік бағдарлама бар – сүт безі, жатыр мойны және колоректальды қатерлі ісіктерін ерте анықтау. 2020 жыл медициналық қызмет көрсетудің барлық салаларына түзетулер енгізгеніне қарамастан, "Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы" өткен жылдың 12 айында пациенттерді скринингтік тексерумен барынша қамтуды жүргізді.

"Енгізілген шектеу іс – шаралары, әрине 100% қамтуға мүмкіндік бермеді, бірақ жұмыс принципі өзгеріссіз қалады, 2021 жылы біз науқастарды маммографиядан өтуге, онкоцитологияға және зертханалық зерттеуге талдау үшін жағынды тапсыруға шақыруды жалғастырудамыз", – деп түсіндірді "Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы" КМК алдын алу бөлімінің меңгерушісі Любовь Ковалева.

2020 жылы аталған ауруханада 4000-ға жуық әйел маммографиядан өтті, 8 әйелде 1-2 сатыдағы сүт безі қатерлі ісіктері және 118 әйелде қатерсіз ісіктер анықталды. Жатыр мойны қатерлі ісіктерін ерте анықтау үшін көптеген әйелдер тексерілді. Бұл ретте 1 және 3 сатыдағы 2 қатерлі ісік, 100 әйелде – ісік алды патологиясы (жатыр мойнының ауыр және жеңіл дисплазиясы) анықталды.

№1 көпбейінді аурухананың 4300-ден астам пациенті нәжісті жасырын қанға зертханалық зерттеуінен өтті, бұл ретте 137 оң нәтиже анықталды. Пациенттер жаппай видеоколоноскопия әдісімен толық тексеруден өткеннен кейін – 1-2 сатыдағы 4 қатерлі ісік анықталды.

"Бүгінгі таңда біздің емханада халықты скринингтік зерттеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылдың наурыз айының ортасына қарай маммографиямен 849 әйел, цитологиялық тексерумен 940 әйел қамтылды, 675 пациент колоректалды қатерлі ісікті ерте анықтауға тексерілді, оның ішінде 2 қатерлі ісік және асқазан – ішек жолының 7 полиптері анықталды. Бірақ, медицина қызметкерлері тарапынан жасалған іс-шаралардың белсенділігіне қарамастан, онкопатологияларды ерте анықтаудың ең маңызды аспектілерінің бірі ең алдымен пациенттердің өздерінің санасының және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі болып табылады. Кейінге қалдырылған профилактикалық тексеру, уақтылы емделмеу, уақтылы тексерілмеу және сауықтыру – өкінішке орай, асқынған онкологиялық аурулардың санын арттырады және емдеу тиімділігін төмендетеді", – деп толықтырды Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Любовь Ковалева.

Өткен жылы біздің облыста 260 мыңнан астам осындай зерттеулер жүргізілді, олардың төлеміне медициналық сақтандыру Қоры 386 млн.теңгеден астам қаражат бағыттады.

Естеріңізге сала кетейік, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға скринингтік тексерулер жүргізу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне жатады. Бұл қызметтер сақтандырылған азаматтарға тегін көрсетіледі және олар белгілі бір жасқа жеткенде тексерілуге жатады.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.