Қарағанды облысының 234 мың тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған







18.03.2021

Сақтандырылмаған азаматтар қызметтерді кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінен ғана ала алады.

Қазіргі уақытта өңірдің 234 мың тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесінде "сақтандырылмаған" мәртебесіне ие. Сақтандырылмағандардың 72 мыңнан астамын соңғы 12 айда медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешегі бар жалдамалы жұмыскерлер құрайды.

"Егер қызметкер сақтандырылмаған болса, ол медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешектің пайда болу себебін анықтау үшін жұмыс берушінің бухгалтериясына жүгінуі керек. Бұл жұмыс берушінің жарналарды уақтылы төлемеуіне байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның жақында жаңа жұмыс орнына орналасқаны және бұрын жарналар жасамағаны себеп болуы мүмкін. Мәртебе тек қарыз өтелген жағдайда ғана "сақтандырылған" болып өзгереді, – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Ракишева Жанар.

Сақтандырылмағандар қатарынан тағы 68,8 мың адам – өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, яғни БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлеушілер. "БЖТ төлеушілердің мәртебесін жоғалтудың ең көп таралған себебі - уақтылы төленбеу. БЖТ төлеушінің мәртебесі төленген айдың соңына дейін сақталады, яғни жаңа ай келді – бірден немесе бір күн бұрын төлеу қажет. Ағымдағы ай үшін берешекті төлеген кезде, алдыңғы ай үшін берешек болмаған кезде БЖТ төлеушінің мәртебесі де қалпына келтіріледі", – деп түсіндірді Қордың Қарағанды филиалының маманы.

Сақтандырылмаған 5,7 мың облыстың жеке кәсіпкерлерінің арасында медициналық сақтандыру жарналарын төлеу бойынша берешегі бар.

"Сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қызметтерін ала алады, оған барлық шұғыл көмек, терапевт қабылдауы, әлеуметтік маңызды және созылмалы аурулар бойынша динамикалық бақылау шеңберінде көмек кіреді", – деп еске салды медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.