Қарағанды облысы тұрғындарының 2021 жылдың ақпан айындағы медициналық сақтандыру қорына жарналары 2,5 млрд теңгеден асты







15.03.2021

Жұмыс берушілер мен аймақтағы ЖК төлемдерді кешіктіргені үшін 3,6 млн теңге аударды.


Республика бойынша 2021 жылдың ақпан айында медициналық сақтандыру қорына түскен түсімдер 32,7 млрд теңгеден асты. Қарағанды облысы (2,5 млрд теңге) медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар бойынша Алматы қаласынан (5,5 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан қаласынан (3,2 млрд теңге) кейін көшбасшылар қатарында отыр.

Қарағанды облысының жұмыс берушілері медициналық сақтандыру қорына өз қызметкерлері үшін 1,2 млрд теңгеге жуық ақша төледі. Қалған сома – ЖК, БЖТ төлеушілер және дербес төлеушілер жарналары. 3,6 млн теңге төлем мерзімін кешіктіргені үшін өсімақы құрады.

"Медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұл тек жұмыс берушілер мен ЖК-ге ғана есептеледі. Дербес төлеушілерге, БЖТ төлеушілерге өсімпұл есептелмейді, соған қарамастан оларға "сақтандырылған" мәртебесін сақтап қалу үшін міндетті медициналық сақтандыруға уақтылы жарналар жасау маңызды. Бұл ретте БЖТ төлеушілерге төлемдерді ағымдағы айдың алғашқы күндерінде немесе бір күн бұрын төлеу қажет екенін есте сақтау маңызды", – деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.