Қарағанды облысының халқы 2021 жылдың қаңтарында медициналық сақтандыру қорына 1,7 млрд теңгеден астам қаражат аударды







09.02.2021

2021 жылдың алғашқы айында медициналық сақтандыру қорына Облыстың жұмыс берушілерінен шамамен 1 млрд теңге түсті. Өз жұмыскерлерінің жарналары мен аударымдарынан басқа, кәсіпорындар мен ұйымдар уақытылы төлемегені үшін 2 млн теңге көлемінде өсімақы аударды.

БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған облыс тұрғындары медициналық сақтандыру қорына 11 млн теңгеден астам қаржы аударды. Қалған сома - бұл жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналары.

"Естеріңізге сала кетейік, ШОБ-тың 29 санаты үшін жеңілдікті кезең аяқталды, олар 2020 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін жарналардан босатылды. 2021 жылдың қаңтарынан бастап олар өз қызметкерлері үшін жарналар мен аударымдарды төлеуді қайта бастауы тиіс. Бұрын олар қызметкерлердің деректерін msb.fms.kz сайтындағы қор базасына енгізуі керек еді – жеңілдетілген кезеңде қызметкерлерде медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешек болмауы тиіс", – деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.