Қарағанды облысының 109 ауруханасы, емханалары мен клиникалары медициналық сақтандыру қорымен 2021 жылға шарт жасасты







30.01.2021

Өткен жылмен салыстырғанда медициналық көмек көрсетушілер санының өсуі байқалады. Медициналық ұйымдар жеткізушілерді іріктеу рәсімінің екі кезеңінен өтті. Өтінім берген медициналық қызметтің түрлеріне сәйкес медициналық ұйымдар жабдықтар мен мамандардың болуына тексерілді. Облыс халқына 52 мемлекеттік медициналық ұйым және 57 жеке меншік медициналық ұйым қызмет көрсетеді.

"МӘМС жүйесі пациенттің жоспарлы көмек алу үшін емхананы немесе клиниканы еркін таңдау құқығын көздейді. Пациент жылына екі рет емхананы ауыстыра алады, бұл тұрғылықты жері, жұмыс, оқу орны өзгерген жағдайда және  өз таңдауы бойынша. Жеке меншік емхананы, егер ол қормен шарт жасасса, таңдауға болады.

Сондай-ақ, пациенттер жеке ұйымдарда диагностикалық көмек ала алады, егер оның тіркелген емханасында мұндай диагностикалық қызметтер көрсетілмесе. Ол үшін осы қызметке учаскелік терапевттен немесе өз клиникасындағы басқа мамандандырылған маманнан жолдама алу қажет. Сондай – ақ, азаматтардың белгілі бір санаттары жеке стоматологияларда стоматологиялық көмек ала алады, тек ол клиника Қордың Денсаулық сақтау субъектілерінің базасында тұрған жағдайда", – деп түсіндірді Қордың Қарағанды филиалының сарапшысы Жанар Рақышева.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.