КІАҒЗИ Кардиология кафедрасының профессоры Сәуле Уразалина коронавирустық инфекцияның жүрек пен жүрек тамырларына әсері туралы







12.01.2021

 ДДҰ деректеріне сәйкес, COVID-19 пандемиясына қарамастан, дүние жүзінде болып жатқан өлімнің негізгі себебі жүрек-қан тамыр аурулары болып қала береді. Алайда дүние жүзінде пандемия кезінде жүрек-қан тамыр ауруларының асқыну қаупі біршама артты.

Осыған байланысты, медицина ғылымдарының докторы, PhD, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Кардиология кафедрасының профессоры Сәуле Уразалина, инфекциядан туындаған жіті қабынудың реакциясы жүрек қызметін нашарлатып және жүрек қызметінің кемістігі бар пациенттерде симптомдарды асқындыра алады, дейді. Жүрек қызметінің кемістігі, дилатациялық кардиомиопатия, оң жақ қарыншаның өршіген аритмогендік кардиомиопатиясы және туа біткен жүрек кемістігі бар пациенттер тәуекел тобына бейім болады.

Еуропалық кардиологтар қоғамының ұсынымына сәйкес, қазіргі сәтте вирустың жүрекке тура әсері туралы дәлел жоқ. Алайда жүйелі түрде болатын ауыр қабыну процестері аритмияны асқындырады немесе тіпті кей пациенттерді жүрекше фибрилляциясына алып келуі мүмкін.

Вирустың қабынатын әсерін ескере отырып, теориялық жағынан вирустық инфекция коронарлық артерияларда атеросклеротикалық түйіндақтардың (май шөгінділері) үзілуін тудырып,  бұл жіті коронарлық синдромға (жүрек ұстамасына) әкеледі деген қауіп бар. Кеудесінде жіті жайсыздықты сезінетін адамдар коронавирус симптомдарының пайда болған кезінде міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс.

Әзірше жүрек-қан тамыр аурулары  бар пациенттерде COVID-19 жұқтырғаннан кейін өкпе инфекциясы дамуының мүмкіндігі жоғары деген деректер жоқ, дегенмен, тұмау сияқты басқа вирустармен инфекцияның дамуына ұқсас болуы мүмкін. Егер адамдар жүрек-қан тамыр ауруларының симптомдарын коронавирус эпидемиясы көрінісінде сезінетін болса, оларды назардан тыс қалдырмауы тиіс. Егер дене шынықтыру кезінде немесе тыныштықта жатқанда кеудеңізде ауыру сезімі пайда болып, тыныс алу қиындаса, жүрек қағысы жиіленіп немесе естен танатындай әлсіздікті сезінсеңіз, Сізге шұғыл түрде жедел жәрдемді шақыру қажет. Мамандар емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдамас бұрын айтылған симптомдар мен жалпы қарап-тексерудің негізінде Сіздің жай-күйіңізді бағалайды.

Жүрек-қан тамыр ауруларының болуы көрінісінде коронавирустық инфекциямен зақымдану асқынулардың дамуына әкеле алады. Бұған миокард және тамырлардың созылмалы ауруларының декомпенсациясы немесе олардың ерекше (вирустық) зақымдануы жатады. Негізгі аурудың декомпенсацияланған ағымы тромбоздар, жіті жүрек-өкпе және полиоргандық жетіспеушіліктің болу қаупін арттырады. Бұл ретте мыналарды естен шығармау керек:

- Жұқтыруды болдырмас үшін ұсынылатын профилактикалық  шараларды мұқият орындау қажет.

- Жүрек және қан тамырлары аурулары кезінде тағайындалған дәрі-дәрмекпен емделуді тоқтатуға болмайды. Бұл денсаулықтың жылдам нашарлауына әкелуі мүмкін.

- Алдын ала жоспарланған оперативтік араласулардан бас тартуға болмайды.
Жүрек немесе қан тамырының кей аурулары кешіктірген жағдайда жылдам өршип, өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Операцияны жасау әлде оны  күте тұру туралы мәселені тек қана кардиолог шеше алады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ АҚ Баспасөз қызметі

Copyright © 2015-2020 All rights reserved.